Конференциялар

Опубликовано: 11.10.2018

Құрметті әріптестер!

Халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға шақырамыз!

Республикалық "Өнеге" интеллектуалды білім порталы қыркүйек айына байқау жариялайды. Бұған Республикамыздың түкпір- түкпіріндегі мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тəжірибелі ұстаздары мен білім алушылары және балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері ат салыса алады.

 

«Білім-Образование-Education» атты Республикалық ғылыми- педагогикалық орталығы   «Іргелі ғылыми зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік қашықтық конференциясына қатысуға шақырады!

 

2018-2019 оқу жылына оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Мұрагер" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілетін байқаулар

Murager.info Республикалық интеллектуалды білім порталы қашықтан өткізілетн сайыстарға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен ұстаздарын оқу жылының мерзімінде өткізетін конкурстарға қатысуға шақырады.

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылы 19 қыркүйек « Оқушылардың прогресін дамытудағы саралаудың рөлі » тақырыбында республикалық вебинар өткізіледі.

 

«STEM education – education of the future»

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияны өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже

1.1. Іс-шара түрі: Интернет желісінде бейне арқылы қарым-қатынас түрінде өтетін білім берудегі  кәсіби жоғары деңгейдегі педагогтер, докторант, аспиранттар, ізденушілер, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері, басшылар, техникалық-кәсіби білім беру оқытушылары, мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру  ұйымдары басшылары, мұғалімдер, әдіскерлер үшін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді.

 

Мектеп жасына дейінгі балғындар мен оқушыларды, мұғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналарды  жеделдетілген "XXI ғасыр көшбасшысы" білім порталы ұйымдастырған  экспресс жалпы Қазақстандық шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылы 26 қыркүйек күні « «Мәңгілік ел » құндылықтары жаңартылған білім мазмұнының ажырамас бөлігі » тақырыбында онлайн режимінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Информационное письмо

Ақпараттық хат

 

 

Құрметті Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының педагогтері!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұйымдастыруымен Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы өткізілетін хабарлаймыз.

Байқаудың  мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Байқауға үш тілде бұрын жарияланбаған сабақ, ашық сабақ, практикалық-лабораториялық жұмыс, семинар бейнематериалдарымен қатыса аласыздар.

Республикалық кезең жеңімпаздарына ақшалай сыйақылар қарастырылған. Толық ақпарат http://zkoipk.kz/kz/videokonkurs2018.html . Байқауға қатысуға асығыңыздар! Қапы қалмаңыздар!

 

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсы өтетіндігін хабарлаймыз!

Ереже

Положение

 

«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «ТжКБ-да инклюзивті білім берудің үздік педагогі» Республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Облыстық кезең – 2018 жылдың 15-19 қазан аралығында;

Республикалық кезең - 2018 жылдың 12-16 қараша аралығында.

Ереже Положение

 

Қазақстан «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау өткізеді.

 

Приглашаем вас принять участие в Международной научно-практической конференции «Дополнительное образование: историческое наследие и перспективы развития (к 100-летию системы дополнительного (внешкольного) образования детей Российской Федерации)»

 

«ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ» атты оқытушылар, мұғалімдер және тәрбиешілерге арналған ІІ Республикалық ғылыми практика конференциясының ЕРЕЖЕСІ

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ жоспарына сәйкес 2018 жылдың 12 – 16 ақпан аралығында «Жаратылыстану» және «Биология» пәндерін оқытуда жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері:шығармашылық лабораториясы» тақырыбындағы республикалық интернет-конференция өткізеді (әрі қарай - Конференция).

 
<< < > >>

rss