Академиялық кафедралардың ғылыми-методологиялық орталығы

Опубликовано: 22.10.2018

Академиялық кафедралардың ғылыми-методологиялық орталығы

   2014 жылдың наурызында Ғылыми Кеңестің шешімімен ҚОХУ жаңа сапалы ғылыми-инновациалық «Академиялық кафедралар» жобасын құра бастады. Бұл жобаның басты мақсаты жеке ғылыми мектепті құру және дамыту, ЖОО-ның ғылыми-инновациялық қызметін жетілдіру, ғылыми пікірлердің өндірістік, білім беру, инновациялық өзекті салаларын зерттеу және енгізу.

   Академиялық кафедра – ғылыми қызметкерлер штатындағы ғылымның белгілі бір саласында немесе аралас саладағы фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді өткізу мақсатында құрылған арнайы құрылымдық бөлімше. Академиялық кафедралардың негізгі міндеті белгілі бір ғылым бағытында немесе бірнеше білім саласын дамытуда, білім беру үдерісі мен қажетті өндірісте салмақты салым енгізуге қабілетті креативті, ерекше пікірлерді әзірлеу және енгізу. Академиялық кафедралар өз қызметінде жұмысын плюрализм, креативтілік, рационалдылық, позитивтік сияқты ғылым басымдықтарын негізгі принцип ретінде құрады. Академиялық кафедралардың жұмысына ғалымдар, кез келген ұйымның мамандары, оның ішінде шетелдіктер де қатыса алады. Негізгі талап олардың ғылыми қызығушылығы сәйкестігі және өз зерттеу бағытын дамытуға деген тілегінің болуында. Аталмыш жобаның ерекшелігі зерттеушілер кез келген ғылыми бағытты дамытуға мүмкіндігі бар. Ғылыми білім саласын дамытуда қандай да бір шектеу болмайды.

   Академиялық кафедра жұмысының өзіне тән ерекшелігі оқу үрдісіне кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінен бөлек басқа да мекемелердің жетекші ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ студенттер мен магистранттар тартылады.

    Әрбір бағыт – нақты ғылыми мектеп тұжырымдамасының жалғасы. Университет зерттеу ізденістерінде түрлі бағыттар сызығындағы бірден бір үлкен ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.

   2014-2015 оқу жылында университетте төмендегідей арнайы академиялық кафедралар һз жұмысын бастады:

- «Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптік өндірістер үшін технологиялық процестердің ақпарттық-өлшеу жүйесі мен автоматтандырылған жүйесін басқаруды әзірлеу». Кафедра меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Даев Ж.А. Кафедра аймақтық кәсіпорындардың жұмысында өлшеу жүйесін енгізу мәселелерімен, сондай-ақ шығындық өлшемнің өзекті мәселелерімен айналысады.

- «Керамикалық материалдар өндірісінде жанармай-энергетикалық кешені қалдықтарын қолдану». Кафедра меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрақбаев А.Қ. Кафедра жұмысының ерекшелігі құрылыс материалдарын зерттеу үшін лабораториялар құру, өндірістік-құрылыс бұйымдарын сернтификаттау, құрылыс бұйымдарының беріктік деңгейін арттыру.

- «Шұбатты консервациялау мен сақтау әдістері». Кафедра меңгерушісі ауылшаруашылық ғылымдары кандидаты, доцент Куржембаев А.К. Кафедра сүтті малшаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулермен және түйе сүтінің химиялық, басқа да қасиеттері мен оны консервілеу жұмыстарын зерттеумен айналысады.

- «Батыс Қазақстанда ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік экономикалық даму». Кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Абенов Д.К. Ғылыми зерттеу бағыты – Батыс Қазақстан тарихы бойынша этнографиялық зерттеулер, мұрағаттық дереккөздерді жинақтау, тарихи құжаттарды жүйелеу.

- «Батыс Қазақстанда ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы аграрлық қатынастарды дамыту тарихы». Кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты Фризен Д.Я. Кафедра Батыс Қазақстан агарарлық дамуының тарихи ерекшеліктерін, осы мәселеге қатысты мұрағаттық және басқа да мәліметтерді зерттейді.

– «Студенттердің көпмәдениеттілік құзіреттілігін дамыту». Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Емельянова Е.В. Ғылыми жұмыстарына студенттерге шетел тілін оқыту әдістерін енгізу мен әзірлеу, білім алушылардың мәдени деңгейін арттыру, т.б.

– «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау ұйымдарының ұйымдастыру–құқықтық қызметі». Кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының докторы, профессор Тузельбаев Е.О. Кафедра қылмыспен күрес бойынша құқыққорғау ұйымдары мен оқу орындары арасындағы өзара әрекеттесімге зерттеу жүргізеді, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, наркобизнес, жемқорлық, т.б. бойынша әдістемелік әзірлемелер дайындайды.

Академиялық кафедра қызметіне жалпы жетекшілік етуді 2014 жылдың маусымында құрылған акдемиялық кафедралардың ғылыми–әдістемелік орталығы жүзеге асырады. Оның негізгі міндеті жүзеге асырылған ғылыми жұмыстарға мониторинг жүргізу, ғылыми әзірлемелердің болашақ өміршеңдігін анықтау, оларды өндіріс пен оқу үдерісіне енгізу мүмкіндігі, ғалымдардың сапалы жұмысын бақылау, білім алушыларды ЖОО–ның ғылыми қызметіне тарту. Академиялық кафедралардың ғылыми-әдістемелік орталығы ғылыми міндеттерді шешуге және олардың өнімділігіне ұсынылған ғылыми зерттеулердің әдістемесін жасайды.

Академиялық кафедралардың ғылыми-әдістемелік орталығы келесідегідей негізгі қызметтерді орындайды:

- академиялық кафедралардың ғылыми зерттеу бағытын анықтайды, әзірлемелер мен зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерін және қойылған ғылыми, техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды;

- академиялық кафедралардың басқа ұйымдармен әріптестік қарым- қатынасы туралы келісімшарттар бойынша іс шараларды жүзеге асырады;

- серіктестер, біріккен ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін демеушілер, сондай-ақ кәсіпорындар тапсырысы бойынша академиялық кафедраларды іздеу бойынша жұмыстарын жүргізеді.;

- ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер мен магистранттарды тартады;

- Ғалымдарға, оқытушыларға, білім алушыларға ғылыми зерттеу әдістемесіне қатысты мәселелерді қарастыратын және ғылыми жұмыстар мен диссертациялар жазу ,т.б бойынша ғылыми семинарларды өткізеді және ұйымдастырады;

- ғылым салаларын және техника, жоспарланған құжаттар, әдістемелік материалдар, гранттық жобалар, т.б. дамыту бойынша ұсыныстар мен болжамдарды әзірлеуді басқарады;

- жас ғалымдар Кеңесі мен университеттің Студенттік ғылыми қоғамы қызметі жалпы жетекшілігін жүзеге асырады;

Орталық меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты Д.Я.Фризен.

rss