Көшпелі тәжірибелік сабақ

Опубликовано: 11.10.2018

2018 жылдың 7-8 ақпанында география пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  географияны оқыту нәтижелерін бағалаудың критериалды тәсілдері»  тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында Орал қаласындағы  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «География пәнің оқытудағы инновациялық тәсілдер», А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия  базасында «Жаратылыстану ғылымдарын оқып білу-дүниетанымды қалыптастырудың негізі» тақырыптарында өткізілді.

Тыңдаушылар оқу сапасын жақсартуда қалыптастырушы бағалаудың рөлі, критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі мен Блум таксономиясы бойынша оқушы жетістігін бағалау және сын тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жолдарын анықтау, география пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын сыни тұрғысынан ойлау арқылы дамыту бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, білімдерін шыңдады. Курс тыңдаушылары НЗМ мұғалімдері С.А.Амангалиева мен Н.Н.Молдағалиевтің «ТМД ұйымының құрылуы», №34мектеп-гимназиясы мүғалімдері Р.Е.Кенжегалиеваның «Әлеуметтік инфрақұрлым салалары», Д.Д.Даулеткерееваның «Табиғи аумақтық кешендердің түрлері» атты сабақтарына қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибедегі тиімді қолданысын көре алды, сонымен қатар тренинг, шеберлік сағаттар мен сыныптан тыс шараларға қатысты. Тыңдаушылар сабақтардан алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына  өздерінің алғыстарын білдірді.  Осындай мазмұнды жоғары деңгейде жұмыс ұйымдастырғаны үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Т.Нуркешовке, А.Тайманов атындағы №34мектеп-гимназиясы директоры Ж.К.Батыровқа институт атынан ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз. Мектеп ұжымына шығармашылық шабыт пен  толағай табыстар тілейміз.

rss