Мұқағали-ғасыр ақыны

Опубликовано: 11.10.2018

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы Қ.Қойдосов атындағы орта мектебі      

Бастауыш сынып мұғалімі: Қоянбаевa Гүлжауһар Тұрсынбекқызы

І санатты мұғалім Мұқағали-ғасыр ақыны Мақсаты:Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп,оқушыларға ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру,ақын жайлы естеліктерді еске түсіру,ақын поэзиясын терең ұғынуға,мәнерлеп оқуға,әндерін нақышына келтіріп айтуға,ақын поэзиясын сүйіп оқуға баулу. Көрнекілігі: слайд шоу,нақыл сөздер 1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар,оқушылар,қадірменді қонақтар! «Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.Абай болып табынсам бір кісіге,Абай болып түңілем бір кісіден» -деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев 85 жасқа толып отыр. 2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев-бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын.Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған,сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. 1-жүргізуші: Ендеше,біз бүгін бастауыш сыныптар арасында ана тілі үйірмесінің ұйымдастыруымен «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. 1-бөлім: Бала Мұхаметқалидан ақиық ақын Мұқағалиға дейін. 2-бөлім: Көрініс «Әке аманаты» 3-бөлім:Поэзия минуты. / Ақын өлеңдерін оқу/ 4-бөлім: Естеліктер сыр шертеді. 5-бөлім:Ән – көңілдің ажары. /Мұқағали сөзіне жазылған әндерді орындау/ 2-жүргізуші: Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы олысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Мұхамедқали. «Бірақ пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді»-деп есептеген ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен.Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген.Сүлеймен әкей мен Нағиман әжей олардан кейін Тоқтарбай,Көрпеш атты екі ұл сүйеді.Мұқағалидың әкесі колхозда сушы,шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болыпты.Нағиман апаның айтуынша,үйдің тұңғышы болғасын ба,Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсіп,анасын жеңге есебінде санаған. 1-жүргізуші: Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қолайлы,бұзылмаған қазақы ортада өсіп-өнген Мұқағалидың балалық шағы әуелде мұңсыз басталды.Алайда,сол мұңсыз балалыққа сызат түсірген соғыс Мұқағалиды демде есейтті.Әкесі соғысқа аттанғанда ол небәры 10 жаста еді.Сөйтіп ол тағдырдың ащы дәмін ерте татты.  2-жүргізуші:  Бастауыш сыныпты Қарасаз өңірінде шағын ауылдарда оқып,орта мектепті аудан орталығы Нарынқолдағы интернатта бітірді.Ауқаттылардың балалары Алматы асып,оқу іздеп жатқанда,ол ауылдық кеңесте хатшы болады. 1-жүргізуші:Ақынның «Өмір» жайлы өлеңінде:  Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.  Өмір жайлы білгің келсе,қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.  Жесір келін,бір нәресте көрмеген,  Жетім шалды бала орнына тербеген,- деп суреттейді. М.Мақатаевтың өмірінің тарихи тізбесі: 1931ж.13 наурызда (куәлікте 9ақпан деп қате жазылған) дүниеге келген. 1941ж.- әкесі Сүлеймен Калининград майданында қаза табады. 1948-49ж.- Қаз.МУ – дың филология факультетінде оқиды. 1948ж – оқуын тастап,көрші ауылға ауылдық кеңес хатшысы болып барады. 1949 ж.- көктемде жары Лашынмен отау құрады. 2-жүргізуші: Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған, Жоғалды сол бетімен бірақ та арман,  Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,  Себебі ол үйімізден тірі аттанған...    Көрініс: «Әке аманаты» 1942 жылы ақпан айында 29 жасында әкесі Сүлеймен майданға аттанады.Мұқағали әкесіне ілесіп Қызылбұлақ деген жерге дейін шешесі екеуі бірге барады. Сонда баласының егіліп жылағанын көрген Сүлеймен: Баланы жылатпа.Бар қиындықтың бәрі өзіңе түсері анық.Оған мойыма.Екеумізді дүйім жұртқа танытатын осы болар.Қолынан қақпа,апамның бауырынан тартпа. Сүлеймен: Тыңда,балам,тыңда күнім,   Болуға жара қолғанат.  Кәрі анаң,сәби інің-  Барлығы саған аманат.  Мен де сендей он жасымда   Атадан жетім қалғанмын.  Аса ақылды болмасам да, «Аманатын» алғанмын.  Талпынып өмір шыңына,  Жетіп те мүмкін қаларсың. Анаңның ауыр мұңына   Сергіткіш себеп боларсың.  Сен жас буын,жаңа тал,   Гүлің де өсіп шашылар.  Сарылып оқып,білім ал,    Сөнгенше сәулең асырар!... (он бір жасар Мұқағали әкесі соғысқа кеткеннен кейін үйге келіп жер бауырлап жатып алады) Сұм соғыс ешкімді де аямады.Соғыстан әке оралмады. Мұқағали: Менің есімімді әкем Мұхамедқали деп қойыпты.Әкем соғыста қаза болды.Мен бұл есімнің қадір-қасиетін білемін бе деген ой келді.Өйткені ол есім бүкіл адамзатты табындырған Мұхаммед Пайғамбардың есімі.Соны өзімше өзгертіп,Мұқасы мен Ғалиын ғана алып Мұқағали деп өзгертіп алдым. Анасы: Қарағым менің,оқуды тастамағын. Мұқағали:   Қатерлі күн қатыгез басталғанда.  Тастамаймын оқуды,үміт-түлкі  Бұлаң етіп бұлтарып қашқанда алдан...  Тастамаймын оқуды,тастамаймын.    Ант   етейін алдыңда алаң болма.  Жастайыңнан қуарған ақ самайың.   Анасы: Бар,балам,қала көрме қатарыңнан,  Қала көрме үмітті сапарыңнан. Мұқағалидің еңбек жолдары: 1950ж-Алматыға шет тілдер институтына оқуға түсіп,тұрмыстық жағдайына байланысты тастап кетеді. 1954ж-Қарасаздағы бастауыш мектепке орыс тілінен сабақ береді. 1957ж-Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады. 1960-62жж.- «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгерушісі. 1962ж- Алматыға көшіп келеді. 1962-63 жж.- «Социалистік Қазақстан» газетінде істейді. 1963-65жж.- «Мәдениет және Тұрмыс» журналында жұмыс істейді. 1965-72жж.- «Жұлдыз» журналында қызмет атқарады. 1-жүргізуші: Поэзия менімен егіз бе едің?!    Сен мені сезесің бе?   Неге іздедім?   Алабұртқан таңдардан сені іздедім,    Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-деп жырлағандай,саф алтындай поэзиясын бізге мұра етіп қалдыра білді.Ендеше,сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне,жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық. Поэзия минуты. «Менің анкетам» өлеңіне диалог (Екі оқушы шығып өлеңді оқиды). -Туған жерің... -Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. -Туған жылың... -1931.Құрдасымын Шәмілдің. -Жынысың кім? -Еркекпін ғой,еркекпін! Және- дағы тәуірмін... -Партияда барсың ба? -Жоқпын. -Шыққан тегің? -Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. -Білімің ше? -Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын. -Ана тілің.. -Қазақша. Қысылғанда орысша да,немісше де тағы бар. -Қайда істедің? -Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар. -Міндеттісің бе әскерге? -Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге. -Сөгіс алып көрдің бе? -Ол жағынан періште дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... -Шетелдерде болдың ба? -Болғаным жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды,өлсем болды жәйіммен Осы отырған орнымда – ақ. -Мекен-жәйің.. -Мекен-жәйім – жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам,қағаз,уақыт бер тек аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! Мұқағалидің шығармалары және еңбектері: 1966ж.- «Армысыңдар,достарым!» атты өлеңдер жинағы шықты. 1967ж. – «Қарлығашым келдің бе?» атты кітабы шықты. 1969ж.- Өлеңдері қатты сыналады. 1970ж.- Жазушылар одағына қабылданады. 1973-74жж.-Мәскеудегі әдебиет және өнер институтына оқиды. 1976ж.- «Өмірдастан» таңдамалылар жинағы шықты. 1976ж. 27 наурызда бауыр циррозы ауруынан дүние салды. Естеліктер сыр шертеді: 1.Анасы Нағиманның естелігі. 2.Ә.Тәжібаевтың естелігі. 3.Әжесі Тиынның естелігі. 4.Ақынның жары Лашынның естелігінен. 2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында: «Бүгінде халық әнді көп айтады.Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес.Бірақ жақсы әнге жақсы өлең қосылса,бір ғажап қой» деген екен.Сол айтқандай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келді. «Ән-көңілдің ажары» олай болса кезекті Мұқағали сөзіне жазылған әндерге берейік. 1-жүргізуші: Жалғасы бар,  Жырымның жалғасы бар,  Жырларым жылдарменен жалғасыңдар... 2-жүргізуші: ...Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,  Еңбегінің қызығын да көре алмай   От боп жанып өтіп кеткен ақынға Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай дей келіп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Қорытынды:Міне,балалар,Мұқағали жайлы біраз мәлімет алдыңдар.Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп тұлғалана түседі.Тау биіктігімен,теңіз тереңдігімен,дала маңғаз кеңдігімен көрікті десек,Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті,өлеңдерімен көрікті.Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атты атақ берілді.Мұқағали поэзиясы бір жылдың не бір айдың немесе бір сағаттың еншісі емес.Ол таусылмайтын қайнар бұлақ.Ол -поэзияның хантәңірі.Ол-сыршыл ақын.Ол-қара өлеңнің шебері.Ол-патириот ақын.Ол-қайта өмірге келген ақын.Ол-ұстаз.Ол-драммматург.Ол-сатирик.Ол-жазушы әрі журналист. (Кешімізге қатысып,ақынның өлеңдерін оқыған,әндерін айтқан,көріністер қойған оқушылар мараппатталады).      

rss